Шымкентте «EuroМебель» компаниясының алтыншы дүкені ашылды

658

Жаны жайлылыққа құмар жұрттың назарына! Шымкент жаңа жиһаз дүкенімен толықты. «EuroМебель» дүкенінің алтыншы жиһаз салоны ашылып отыр. Қалалықтарды арзан әрі заманауи сәнді жиһаздармен қамтып жүрген компания келушілеріне 15 пайыздық жеңілдік жасап отыр.

vlcsnap-2015-04-13-17h47m05s47

Талғам мен сапаның сәйкестігі.  «EuroМебель» жиһаз дүкенінің тұсауын кесушілер жаңа орталықты ашқанда осы мақсатты көздеген. Өйткені, мұндағы жиһаздар қатары жиі жаңарып отырады. Тұрғындардың талғамынан шығып отырған жиһаз дүкені тұтынушыларына жағдай жасаудан жалыққан емес.

Виталий Чернышев, «Euroмебель» компаниясының бас директоры: «Бұл – тұрғындардың таңдауы. Қазір жақсы жиһаз таңдап жатыр. Сапасы да өте жоғары. Солардың сенімінен шығу үшін дүкендер санын көбейттік. Бүгін тұсауы кесілген дүкен – үлкен, келушілердің емін-еркін жиһаз таңдауына жағдай жасадық».

Гүлжан Омаралиева – «EuroМебель» жиһаз салонының тұтынушысы. Бүгін су жаңа дүкеннен балалар жиһазын іздеп келіпті. Жолы болып, ойындағы жиһазын сатып алды. Енді балаларына сыйлық жасамақ. Үнемі арзан бағамен тұрғындардың көңілінен шығып жүрген сауда орны 15 пайыздық жеңілдікпен тағы қуантты. Жеңілдік сәуір айының 15-жұлдызына дейін жалғасады.

«Әл Фараби» сауда үйінде орналасқан «EuroМебель» жиһаз салоны Белорусь, Ресей мен Польшадан фирмалық тауарлар тасымалдап, толығып отырады. Мұнда жатын және қонақ бөлмесінің жиһаздарына таңдау көп. Сондай-ақ, балалар жиһазының сан түрі бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hjeBYIhDErk[/youtube]

Сәнді әрі сапалы жиһаз сатып алғысы келетіндер үшін «EuroМебель» компаниясының қалада алты дүкені барын айта кетейік. Соңғысын Шымкенттегі Темірлан тасжолы №19 ғимаратта орналасқан «Әл Фараби» сауда үйінің екінші қабатынан таба аласыз.