Енді ағылшын тілін тез меңгеруге болады. Себебі Study Link оқу орталығы интенсивті форматтағы жаңа курсты іске қосты. Бұл бағдарлама арқылы әдетте 3–4 айда өтетін материалды 1,5 ай ішінде меңгеруге болады. Алты жылдық тәжірибесі бар білім беру ұйымының қызметі туралы алдағы сюжетте толығырақ айтамыз.
Study Link оқу орталығы ағылшын тілін жеделдетілген форматта оқытатын жаңа курсты іске қосты. Бағдарлама тың әдістемелерге негізделген. Нәтижесінде студенттер 3-4 айлық оқу материалын небәрі 1,5 айда меңгереді. Қарқынды оқыту жүйесі оларға сапалы білім алып қана қоймай, уақыт пен қаражатты да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
НАЗЕРКЕ РЫСБЕК, ОҚУШЫ: «Мен Стади Линкке қатысып жүргеніме 8 айдан асты. Осы уақыт аралығында мен интермедит деңгейіне жеттім. Жалпы Стади Линкті халықаралық емтихандарға дайындалу үшін таңдадым. Стади Линктен көптеген нәтиже шығып жатқанын естіп, сол себепті осы курсты таңдадым»
НҰРМАХАН ӘБДІРАХМАН, ОҚУШЫ: «Жазғы демалыста интенсив бағдарламасымен аптасына 6 күн оқып жүрмін. Мектеп күндері 3 күн оқитын едік. Қазір 6 күн оқып, осындай жиі сабақтардың арқасында ағылшын деңгейім қатты өсіп, қатты дамыды»
Оқу бағдарламасы халықаралық деңгейдегі талаптарға сай әзірленген. Сабақтар аптасына алты күн бойы тұрақты өткізіледі. Студенттер шетелдік оқытушылармен күн сайын тілдесу арқылы ағылшын тілінде еркін сөйлеу машығын қалыптастырады. Бұдан бөлек, орталықта түрлі жеңілдік бағдарламалары қарастырылған.
АНАРАЙ АМАНЖОЛ, STUDY LINK ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: «Біз көбінесе фокусты спикинг класстарға бөлеміз. Одан бөлек, 6 күн сайын олар өте көп грамматикалық әртүрлі ойындар арқылы қызықты қылып сабақтарды өтеді алады. Айдың 15-іне дейін жазылып үлгерсеңіздер, бізде жеңілдіктер қарастырылған. Және де көпбалалы отбасылардан келген балаларға да жеңілдіктер қарастырылған. Одан бөлек, бір отбасыдан 2-3 бала келетін болса, оларға да біраз жеңілдіктер қарастырылған».
Айта кетейік, Study Link оқу орталығының қалада жеті филиалы жұмыс істейді. Бұл оқушыларға қашықтан қатынап уақыт жоғалтпай, өзіне жақын жерде білім алуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жазғы демалысқа қарамастан, орталықта 5000-нан астам бала білімін шыңдап жүр.
ИП ANN GLOBAL
БИН (ИИН): 970917300313
ТАЛОН: № KZ47TWQ03924499
БАЙЛАНЫС НӨМІРІ: 8 700 601 0202






