Шымкентте субұрқақтар көбейді

266

Қаламызда субұрқақтар көбейді. Олардың бірі «Нұрсәттегі» әкімшілік-іскерлік орталығында орналасса, тағы үшеуі Наурыз алаңына келушілерді қуантуда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4OETjDzGnEI[/youtube]

Айта өтейік, Шымкенттің көшелері мен саябақтарындағы 20 субұрқақтың үшеуі әуенді. Олардың барлығы 1 мамыр күні іске қосылып, қалалықтарға самал леп сыйлады. Субұрқақтары күтіп ұстау үшін қала бюджетінен 49 млн теңге қаражат бөлінген.

Қаржыны үнемдеу мақсатында «Жасыл қала» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны субұрқақтардың басым бөлігін жерасты суына жалғау жұмыстарын атқаруда.