Шымкенттегі керамогранит зауыты қайта ашылды

443

Шымкентте 2011 жылдан бері тоқтап тұрған креамогранит шағаратын зауыт қайта іске қосылды. Зауыттың негізгі өнімі  республикадан бөлек шет елдердің нарығын қамтамасыз етеді деп көзделуде.

002

Кәсіпорынды сауықтыру жұмыстары өткен жылы аяқталған. 2014 жылдың қазанында «Азия Керамик» ЖШС қарыздарын өтеу есебінен өндірістік кешеннің активтері «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ меншігіне қабылданды.

003

Жобаға инвестор ретінде «Зерде» компаниясы тартылған. Бұл бастама Елбасының сын-ескертпесінен кейін қолға алынып отыр.

004

Бұл кәсіпорын еліміз бойынша керамика шығаратын жалғыз зауыт болып табылады. Индустрияландыру картасы аясында жұмысын бастаған бұл зауыт жылына 2,5 млн шаршы метр керамогранит өндірмек. Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаев пен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Бекбосынов және өзге де лауазымды мамандар қатысты.

005

«MK Ceramics» брендімен шығарлатын өнімдер Қазақстаннан бөлек шетелдердің нарығын қамтамасыз ететін болады. Итальяндық «Barbieri & Torozzi» жабдықтары орнатылған кәсіпорында сапасы жоғары саз, таза кварц құмы, дала шпаты және табиғи пигменттер қолданылады.

006

Зауыт өнімінің ассортименті кең. Мысалы, жылтыр және күңгірт керамограниттің 30х30 см, 40х40 см, 60х60 см, 60х90 см түрлері шығарылады. Өнімнің жоғары сапасы шетелдікінен кем түспейді.

Қазақстан жыл сайын шетелден 40-50 миллион АҚШ долларына керамогранит сатып алса, зауыт осы қажеттілікті қамтамасыз ететін болады.

‒ Бұл жобаға облыс әкімдігі мен «Бәйтерек» холдинг бірлесе инвестор тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде жобаға инвестор ретінде фармацевтика, құрылыс және логистика бизнесінде ауқымды тәжірибесі бар оңтүстікқазақстандық «Зерде» ҒӨБ» ЖШС компаниясы тартылды. Кәсіпорынды сауықтыру жұмыстары өткен жылы аяқталған. 2014 жылдың қазанында «Азия Керамик» ЖШС қарыздарын өтеу есебінен өндірістік кешеннің активтері «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ меншігіне қабылданып, бүгінде іске қосылып отыр, ‒ деді облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TtJz7Sp8RQg[/youtube]

Қазіргі таңда өндірісте жүзден астам адам еңбек етсе, олардың 35-і жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа қабылданған. Ал осы айдың соңына дейін зауытта қосымша 70 адам жұмыспен қамтылмақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі