Сұрапыл соғыс жылдарында елін қорғап, бейбіт өмірде ел тыныштығын сақтауға үлес қосқандардың бірі -Сайып Садықов. Төле би ауданы, Қазақстан ауылының тумасы өмір бойы шекара қызметінде адал еңбек етті. Орасан ерлігін ескерген жерлестері Ұлы Отан соғысының ардагеріне арнап, ескерткіш орнатты. Бүгінгі таңда майдангердің аты көше мен мектеп сыныбына беріліп отыр.
Ұлы Отан соғысының ардагері, полковник Сайып Садықов — бейбіт өмір сыйлаған батыр. Соғыстан кейін де елге адал қызмет еткен. 1921 жылы дүниеге келіп, жас шағында майданға аттанып, шекара әскерінде білім алған.
Батыр туралы естелік әңгімен ауылдықтар жақсы біледі. Оның тұла бойына біткен адами қасиеттері жайла ұзақ дастан жазуға да болады десті. Ал туыстары Сайып Садықовпен мақтанады. Ол өз ісін сүйді, Отанын қорғады дейді. Шекарашылар әулеті 2012 жылы полковникті мәңгілік сапарға шығарып салған.
Дәл осы күні полковникке арналып, мектептен сынып та ашылды. Мұнда Қазақстан тарихы пәні тереңдетіліп оқытылады дейді мектеп ұжымы. Өзінің батыр ұлының есімін ұлықтаған Қазақстан елдімекенінің тұрғындары ескерткішті көзінің қарашығындай сақтауға уәде етті.
Еркебұлан Ақбердиев