Теміржол торабында мерт болатындардың саны азаймай отыр. Жыл басынан бері 13 оқиға тіркелсе, оның сегізі қайғылы жағдаймен аяқталған. Ең соңғысы өткен жексенбіде тіркелді. Европа нәсілдес әйел пойыз астында қалып қойған. Осындай олқылықтарды алдын алу үшін жауаптылар қандай шара ұйымдастыруда?
Теміржолда сегіз оңтүстікқазақстандық мерт болған. Бұл — жантүршігерлік сан. Желілік полиция жағадан алған сұмдық жағдайды болдырмау үшін түрлі шаралар жасаған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=x3p6EQM9PCs[/youtube]
Десе де қауіпсіздікті ұмыт қалдырған тұрғындар аса қауіпті аймақтан өтуді әдетке айналдырған. Нәтижесінде тоғыз торапты теміржолды жаяу жүргінші өтпеліне айналдырғандар ажал құшқан.
Сәбит Бақтығалиев, Шымкент станциясы желілік полияция бөлімінің штаб бастығы: «Олардың басты қателігі — теміржолды кесіп өтетінінде. Пойыз жүргізушісі барынша тежеуішін басқанымен, еш нәтиже шықпайды. Өйткені пойыз — жеңіл көлік емес».
Биыл «Қазақстан теміржол» компаниясы бұрын-соңды қолданылмаған шараға барды. Яғни, теміржолға жақын орналасқан аумақ тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы қоршау тұрғызды.
Осылайша рельсті кесіп өтпек болған адамдарға тосқауыл қоюды көздеді. Алайда айласын асырған кейбір тұрғындар миллиардтаған сомаға қойылған темір қоршауды не сындырып тастайды, не ұрлап кетеді. Ендігі бір бөлігі өздеріне ыңғайлы етіп, есік жасап алыпты.
Қуаныш Әлімбаев, әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы: «Тұрғындар рұқсатсыз қоршауды кесіп, есік жасап алған. Осылай арғы бетке өтеді. Ал 200 метр жерде арнайы өткел бар».
Ал өздеріне төнген қауіпті сезінгендер темі жол қоршауын күні-түні күзетуге дайын. Сондықтан болар, тұрғындарды тәртіпке бағынуға шақырады.