“Авто-Нұр” базарында газдан уланудың алдын алу шаралары өтті

30

20 қазан күні үшінші мегаполисте жылыту маусымы басталады. Соған байланысты мамандар барлық жылыту жүйелері, соның ішінде газ орнату құрылғыларын тексеріп жатыр. Газдан уланудың алдын алу үшін құзырлы орган өкілдері халық көп жүретін орындарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда тұрғындарға қауіпсіздік шаралары жазылған жадынама таратылды.

Шымкентте жылыту маусымы 20 қазанда басталады. Осыған орай Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері “Авто-Нұр” базарының ішін аралап, тұрғындарға жадынама таратты. Мақсат – ел арасындағы көгілдір отынға улану жағдайларының алдын алу.

Али Тұранов, Абай аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
“Осы тұрғындарға газдың алдын алу үшін газ құрылдарымен қалай жұмыс жасайтынын түсіндіріп жатырмыз. Бұл біздің қазіргі таңда күнделік атқарып жатқан ісіміз. Себебі алда жылыту маусымы басталады. Оған дейін барынша дайын болуымыз керек” 

Абай ауданында 632 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы бар. Биыл олардың 13-іне демеушілер тарапынан газ дабылқаққышы орнатылды. Ол тұрғындардың қауіпсіздігіне жауап береді. Ал мониторинг жұмыстары барысында тұрғындардың газ құрылғыларын рұқсат етілмеген орынға орнатқаны анықталған.

Асылжан Жанаев, Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы: ”Улы газдан уланудың алдын алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін “Авто-Нұр” базаына түсіндірме жұмысын жүргізуге келдік. Қазір жылыту маусымы басталайын деп жатыр. Соған байланысты газбен жұмыс істеу кезінде ескеретін жайттарды және заңи талаптарын түсіндіретін боламыз”.

Айта кетейік, өткен жылы Абай ауданында 3 адам газдан уланып, қаза тапқан болатын. Сондықтан ел арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, мамандар тарапынан тыңғылықты түсіндірме жұмысы жүргізіліп жатыр.