Депутаттардың көшпелі отырысы ауруханада өтті

506

Облыс мәслихатының бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы облыстық кардиологиялық орталықта өтті. Бұл — кездейсоқ кеңес емес. Халық қалаулылары қазіргі қоғамда дендеп бара жатқан жүрек, ми және қан тамыры ауруларының өршіп тұрғанын ескеріп, осындай шешімге келген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Q0dlzRw0JBQ[/youtube]

Сандарды сөйлетсек, жан түршігеді. Бүкіл дүниежүзі бойынша жыл сайын 15 миллион 300 мыңға жуық адам жүрек ауруынан көз жұмады. Бұл жер бетінде жан тапсырып жатқандардың төрттен бір бөлігін құрайды екен.

005

Хирург Бауыржан Байтөре депутаттарға жасалған оталар жайын баяндады. Жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан мақтааралдық Каһарман Жүзтаевтың жағдайы қазір дұрысталған. Отадан кейін тынысы кеңейіп, жүрек соғуы қалыпқа түсті. 54 жастағы Шамсудин Бейсенбаевтың да жағдайы жақсарып келеді.

Бұл екі науқасқа да дер шағында медициналық көмек көрсетілді. Алайда көп жағдайда адамдар жүрек ауруымен ауыратынын кардиоорталыққа ауыр халде жеткізілгенде ғана біледі дейді дәрігерлер.

006

Депутаттар кардиологиялық орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, көшпелі отырысын осындағы мәжіліс залында жалғастырды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірдегі медицина мекемелерінде жылу жүйесінде күрделік барын жасырмады. Ал кардиоорталыққа замануи жабдық сатып алуға 145 млн теңге қажет етеді.

Жиында медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде де ұсыныс жасалып, аудандардағы тозығы жеткен ауруханалар мен емханалардың тізімін жасау тапсырылды.

Шынар Оразова