Абай аудандық әкімдігі қызметкерлері мен салықшылар мүлікті заңдастыру шарасын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесті. Сала мамандары жиналғандарға мүліктерді жария ету жолдарын түсіндірді.
Азаматтар заңдастыру шарасы аясында мүліктерін, ақшасын, құнды қағаздарын заңдастыра алады. Онымен қоса меншік иесі жарғылық капиталға қатысу үлесі мен құрылыс нормаларына сай келетін нысандарын да жария ете алады.
Жекешелендіру шарасы осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады. Барлық аудан, қала әкімдігінің ғимаратында жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу бойынша арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Әділет органдарынан құралған комиссия мүшелері мүліктерді жариялаудың заңдылығын жан-жақты тексереді.
Мейрамбек Көкенова, ОҚО мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: «Жерге байланысты сұрақтар көп түсті. Қазір бізде жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланып отырғандар көп. Мәселен, ауыл шаруашылығына бөлінген жерлерге құрылыс салынған. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға жауаптарын берді.»