Оңтүстікте 30 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды

264
Мүлікті заңдастыру

Оңтүстік Қазақстан облысында 30 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды. Жалпы, 1 ақпанға дейін әкімдік жанындағы комиссия жалпы құны 40,2 млрд теңгені құрайтын 4208 өтініш қабылдаған. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасы мәлімдеді.

Мүлікті заңдастыруҚаржы басқармасы мамандарының айтуынша, қазіргі таңда облыс тұрғындарының құны 30 млрд тенгені құрайтын 3361 нысаны заңдастырылып отыр. Оның ішінде 19 млрд теңгеге 2725 үй мен 11 млрд теңгеге 636 коммерциялық нысан заңдастырылып, нәтижесінде аймақ республика бойынша 3-орында келеді.

Мүлікті жария ету туралы өтініштерді қарау мерзімі мен комиссия жұмыстары бойынша заң бұзушылықтар жоқ. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында облыста 200-ден астам ашық есік күндері өткізілсе, тұрғындарды құлақтандыру, насихаттау және түсіндіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында 1 мыңға жуық мақала мен хабарлама берілген.

Айта кетейік, мүлікті жария ету туралы заңға 2015 жылдың 13 қарашасында енгізілген өзгерістерден кейін заңдастырылған мүліктер саны артты. Мәселен, 2015 жылдың 1 қарашасына дейін 19 млрд теңгенің мүлкі жария етілсе, соңғы 3 айдың ішінде құны 11 млрд  теңгеге жуық мүлік заңдастырылып, 36,7%-ға артты.