Облыс әкімі үздік журналистерді марапаттады

518

28 маусым — байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Айтулы мереке қарсаңында облыс әкімі А. Мырзахметов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік журналистерді марапаттады.

Мерекелік шарада облыс әкімінің грамотасымен «Южный Казахстан» газетінің тілшісі − Л.Ковалева, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі − Ш. Орынбай, «Экспресс К» газетінің меншікті тілшісі − И. Галушко, «Қазақстан-Шымкент» теларнасының редакторы −Н. Әлімбаев, облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы Е. Бабаев марапатталса, алғыс хатпен «Central Asia MONITOR» газетінің меншікті тілшісі − Р. Юнусова, «1-Еуразия» телеарнасының меншікті тілшісі − П. Біләлбеков, «Литер» газетінің меншікті тілшісі − Ю. Елисеев, «Қазақ» радиосының меншікті тілшісі − Е. Әмірбек, Шардара ауданы әкімінің баспасөз хатшысы − Ә. Әбдіраманов, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық иститутының баспасөз хатшысы Л.Жорабекова марапатталды.

002

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жариялымдар номинациялары бойынша конкурс жариялаған болатын. Оның қорытындысы осы салтанатты шарада жарияланып, үздік деп танылған шығармашылық ұжымдары мен журналистер марапатталды.

003

Сонымен, жүлде қоры 1 млн теңге болатын «Үздік телеарна» және «Үздік басылым» номинацияларына «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы мен «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттерінің ұжымдары лайық деп танылды.

004

Жекелеген журналистер арасында «Алтын микрофон» номинациясын «Отырар» телеарнасының бас редакторы З.Оралбаева алса, «Алтын қауырсын» номинациясын «Панорама Шымкента» газетінің жауапты хатшысы А.Хамзина иеленді.

Ал республикалық телеарналар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Ғ.Қалмахан мен «24 kz» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Қ.Жүнісбековке табыссталса, республикалық басылымдар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы тілшісі Б.Тайжанов пен «Казахстанская правда» газетінің облыстағы тілшісі Л.Доброталар иеленді.

Үздік журналистердің әрқайсысына 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай сертификат табысталды. Айта кету керек, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы саны 236 бұқаралық ақпарат құралы бар. Олардың 175-сі — газет, 37-сі журнал болса, 12 телеарна, үш радио және тоғыз интернет ресурс халыққа жылдам әрі толымды ақпарат таратуда. Облыс әкімінің мерекелік жиынында облыстың әлеуметтік-эканомикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын кеңінен насихаттаған жетпіске жуық БАҚ өкілдері марапатталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі