Шымкентте өрттен бір адам мерт болды

309

Шымкентте тұрғын үйде шыққан өрттен бір адам тіл тартпай кетті. Тараз шағынауданындағы жекеменшік нысанда тұтанған тілсіз жау 54 жастағы ер адамның өмірін жалмады. Лезде лап берген жалынды көріп, жергілікті тұрғындардың бірі көмек шақырады.

004

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше 650 шаршы метрді құрайтын 3 қабатты тұрғын үйдің 45 шаршы метрі жалын құшағында қалған. Бұл кезде тілсіз жау баспананың екі бөлмесін жайпап үлгеріпті. Айта кетейік, тілсіз жаумен күресуге 13 жеке құрам мен 2 өрт техникасы жұмылдырылған.

Гаухар Байымбетова, ОҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы: «Өрт сөндірушілер 1 сағаттың ішінде жалынды ауыздықтады. Қазір өрттің себеп-салдары тексеріліп жатыр. Марқұм болған азаматтың осы үйдің тұрғыны екені анықталды.»