Шымкентте өрт салдарынан автокөлік жанып кетті

303

Оқыс оқиға кешегі түні Жібек жолы даңғылының бойында орын алған. Жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан.

Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер өртке оранған арка құрылысы мен жеңіл көлікті сөндіруге кіріскен. Тілсіз жаудың жақын маңдағы құрылысқа өтіп кетпеудің алдын алды. Алайда жеңіл көлік толығымен жанып кетті.

Оқиға орнында жеке құрамның 28 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен өрт шарпыған аумақ және келтірілген шығын көлемін тексерушілер анықтайтын болады.

Өрт салдарынан көшенің бір жақ қапталындағы көлік жүрісін тоқтатуға тура келді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.