Шымкентте дәмхана өртеніп кетті

573

Шымкентте  дәмхана  отқа оранды. 1,5 қабатты «Гараж» жастар кафесінен сағат 16.30 шамасында өрт шыққан. Бес қабатты және тоғыз қабатты тұрғын үйлердің ортасында орналасқан дәмханадағы өртті ауыздықтауға 60 өрт сөндіру қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.

Сағат 16.58 – де өрт оқшауланған. Дәмхананың іші толық өртеніп, түк қалмаған. Алдын ала белгілі болғандай, өрт орнынан 3 адамды жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кеткен. Өрт толық 17.32-де ауыздықталған. Кафеге келушілер мен қызметкерлері аман есен.

Медициналық көмек қан қысымы көтеріліп кеткен куәгерлерге көрсетілді дейді жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері. Жалпы 730 шаршы метр жерді өрт шарпыған. ОҚО ТЖД өрт сөндірушілері тілсіз жаудың құшағынан 2 адамды аман алып шықты. Оқиға орнынан 70 адам қауіпсіз жерге көшірілген.