Шымкентте педофил ұсталды

500

Шымкентте педофил ұсталды. Сорақысы сол — күдікті азамат отбасылы және үш баласы бар. Осылай бола тұра сұмдық қылмысқа барған. Бүлдіршін қызға зорлық-зомбылық көрсеткен азаматты Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен Еңбекші ауданының сақшылары бірлесіп ұстаған.

26 мамыр күні Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-не 1987 жылғы жергілікті тұрғын арызданады. Ол азаматша өз шағымында 5 жастағы қызына көршісінің жыныстық сипатта зорлық көрсеткенін мәлімдеген.

001

Ержан Құрақбаев, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының аға инспекторы: «Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жүргізген іс-шара барысында 1982 жылғф азамат ұсталды. Осы азаматты тергеу барысында бұл қылмысты спирттік ішімдіктің кесірінен жасағанын мойындаған.»

Қазіргі таңда жасы кәмелетке толмаған жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айта кету керек ұсталған азамат екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстнің 121-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Көршілері ұсталған азаматты ішімдікке құмар, дөрекі әрі қу, қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім деп сипаттап отыр.

007

Бір аптаның ішінде қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері екі ауыр қылмыстың берін ашып отыр. Тағы бір қылмыс кісі өлімі. Бұл оқиға 29 мамыр күні тіркелген.

Айта кету керек бұл екі қылмыста спирттік ішімдікті ішуден кейін болған. Оқиға орнынан асхана пышағы тәркіленген. Күдікті азаматша қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Ернар Балабеков