Төле би — таланттар мекені

718

Төле би — таланттар мекені. Облыстық «Мәдениетім — мерейім» байқауының кезекті кешінде төлебилік мәдениет қызметкерлері өнер көрсетті. Өткен жылы бас жүлдені жеңіп алған ауданнан өнер көрсетуге биыл ел арасындағы өнерпаздар келіпті. Әуесқой шеберлер арнайы көрме ұйымдастырып, шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарын ұсынды.

IMG_1077

Мәдениеттің мерейін асыруға келген төлебиліктердің өнерін тамашалауға халық көп жиналды. Таулы өңірдің қолөнер шеберлері алдымен шаһар тұрғындарының назарына өз туындыларын ұсынды. Көрмеге қойылған 10 мыңға тарта дүние халқымыздың төл тұрмысы, тарихы мен қазіргі қоғамның жетістіктерінен сыр шертеді.

Бұдан бөлек суретшілер одағының 37 бірдей өкілі осы ауданың азаматтары ретінде өз шығармаларын ала келіпті. Бейнеге жан бітірген жандардың бұл еңбектерін көрермендер ерекше ықыласпен көріп шықты.

Дәурен Кесікбаев
Дәурен Кесікбаев

Дәурен Кесікбаев, суретші» Бұл бейне «Шайқалған шаңырақ» деп аталады. Бұлай атаған себебім, мен балалар үйінде 20 жылдай жұмыс жасадым. Сол үйдегі көңілі жарым балалардың жағдайын көзбен көрдім, зерттедім. Бұл эскиздің өзін 5-6 жылдай ойландым, ал суретті салуға 2 жылдай уақыт кетті. Майлы бояуды қолдандым, майлы дегеніммен бұл мұңды дер едім».

IMG_1084

Қазақтың төбе биінің аманатын арқалаған ағайын өнер сайысында да алдына жан салмады. Хандықтың құрылған жылдары мен ондағы халықтың жағдайын сахналады. Би-төрелердің биліктегі көрегендігін көрсетті. Қойылымнан бөлек, халық қазынасы — ән -күй, жыр-терме, фольклорлық ансамбль де кештің ажарын аша түсті.


IMG_1108


Әсілбек Әуесбек, Төле би аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: «Көп жылдан бері жөндеу көрмеген мәдениет ошағы қазір кезең-кезеңімен ретке келтіріліп жатыр. Қазір біздің ауданымызда 2 мәдениет ошағы келесі жылы жөнделеді. Қалғанының барлығы жөндеуден өтті. Жыл сайын біз алдымызға жоспар қоямыз, соған сәйкес жұмыстар атқарып келе жатырмыз.»

IMG_1112

 

Он тоғыз мәдениет ошағы бар ауданның мәдениетін, өнерін таныстыруға келген өнерпаздар осылайша жұртшылықтың жүрегін жаулап алғандай. Мәдени шараға 600-дей адам жұмылып, бір кісідей атсалысты.

Ұлы даланың өткені мен бүгінін, шежіресін, өнерін сахналаған ұжым екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын да айналып өтпеді. Жеңіс туралы ән шырқап, қазақ батырларының ерлігін паш етті.