Шымкентте өлі нәрестенің денесі табылды. Шарананың мәйіті Қабанбай батыр көшесінің бойындағы № 13 үйдің жанындағы қоқыс жәшігінде жатқан.
Тұрмыстық қалдықты тастауға келген жергілікті тұрғын жаға ұстатар жағдайды көріп, полицияға хабар берген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары тұрғындардан сұрау жүргізді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ернар Балабеков