Жас қызға азғындық жасаған қарт күдікті көз жұмды

280

Шымкентте бес жасар қызға азғындық әрекет жасады деген айыпталған 83 жастағы қария ауруханада көз жұмды. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасында жан тәсілім еткен.

Аурухананың бөлім меңгерушісінің айтуынша, егде жастағы адам 7 шілде күні клиникаға жүрек қызметінің бұзылуы диагнозымен түскен. Жағдайы ауыр халде болыпты. Өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер 3 тәулік күрескендерін айтады.

Алайда аман алып қалу мүмкін болмады. Белгілі болғандай, зейнеткер бұған дейін де осы клиникада ем қабылдап жүрген екен. Ақ халаттылар оның есте сақтау қабілеті бұзылып, өз әрекетіне жауап бермейтін халге жеткенін айтады.

Еске сала кетейік, марқұмның ерсі әрекетін көршілері ұялы телефонға түсіріп, ғаламторға салған еді. Себебі қарт кісінің осындай әрекетінен әбден мезі болдық дейді көршілері. Бес жасар қызға қатысты азғындық жасағаны үшін тәртіп сақшылары оған қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Алайда жауап алу кезінде күдіктінің қан қысымы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген.