Облыста 40 гектар астық алқабы өртенді. Дерек көздердің мәліметіне сенсек, қураған ағаш жанып, өрт көрші алқапқа ауысқан. Тілсіз жау Түлкібас ауданындағы Машат ауылдық округінің «Абдеш» серіктестігіне қарасты астық алқабында орын алыпты.
Кейін Сайрам ауданындағы «Өмір Дархан» серіктестігінің егістігін жойған. Жалпы шығын көлемі 40 гектарды құрап отыр. Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 24 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта анықтау жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Нұрлан Темірбаев.