Мобилді топ көшелер мен аулалардағы суды шығарды

135

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің дайындыққа келтірілген мобильді топтары жауған нөсерлі жаңбырдың салдарынан көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларын басқан суларды шығару жұмыстарын атқарды. Бұл туралы Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

Аталған жұмыстар 2021 жылғы 28 наурызда сағат 01.05 – 01.48 минут аралығында Қаратау ауданы Қайтпас – 1 шағынауданындағы Қаһарман көшесінде, Бозарық шағынауданындағы Ұста Мұхаммед, Қызылөрік көшелерінің бойында және 5 тұрғын үйдің аулаларында жүргізілді.

Суды шығару жұмыстарына Шымкент қ. ТЖ департаментінің жеке құрамында 12 адам, 3 техника, 3 мотопомпа, «Жасыл Жер» ЖШС-ның 7 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 200 текше метр су шығарылды.

Шымкент қаласының ТЖ департаменті ескертеді!

Қала аумағында жарияланған дауылды алдын алу ескертуге сәйкес 2021 жылғы 29 наурызда түнде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін күтіледі.