Астана күнінде Арыс тұрғындары баспанаға ие болды

447

Астана күніне тартуды арыстықтар да жалғастырды. Елорда күні күніне орай 150 отбасы пәтер кілтіне қол жеткізді. Бұл күні 60 пәтерлі және 90 пәтерлі қос бірдей тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік баспаналар «Қолжетімді тұрғын-үй -2020» бағдарламасы аясында кезекке тұрған түрлі санаттағы азаматтарға үлестірілді.011

Өтегеновтер отбасында бүгін үлкен қуаныш. Осыған дейін пәтерден-пәтерге көшіп жүрген жас отбасы бүгін үш бөлмелі пәтерге қоныстанды.

Кәсіпкерлік мектебінің ашылу салтанаты да мереке күніне тұспа-тұс келді. Айналасы бір жылдың ішінде бой көтерген бұл нысанда кәсіпкерлерге бірнеше қызмет түрі көрсетілетін болады. Бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсететін мекме операциялық зал, конференц залы және оқу бөлмелері қарастылыпты.

Мереке қарсаңында мәдениет саласы қызметкерлері де құралақан қалмады. Қайта жаңарған Арыс қалалық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Заманауи талапқа сай бой көтерген ғимаратта шығармашыл қауымның жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалыпты. Су жаңа нысанда алғаш рет көрермендер Астана күніне арналған мерекелік шараны тамашалады.

Атаулы күн қарсаңында дене шынықтыру-сауықтыру кешені де ел игілігіне табыс етілді. Мерзімінен ерте пайдалануға берілген ғимаратта спорт залы және спорттың 6 түріне арналған жаттығу залы бар.

Болашағынан мол үміт күттіретін жас футболшы Жарас Өтегенов осыған дейін қысы-жазы стадионда жаттығып келіпті. Енді ол бұдан былай кең әрі заманауи талапқа сай жабдықталған спорт залда емін-еркін доп қуатын болады.

Елорда тойы қарсаңында тартуға кенелген тұрғындардың ендігі тілегі — нысандардың жабылып қалмауы ғана.