Оқушылар жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін білуі тиіс. Осыны ескерген облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жазғы балалар лагеріне арнайы барды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8EjcRe_VxnE[/youtube]
«Тау гүлі» және «Тау самалы» демалыс лагерінде болған мамандар балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен жарақат алғанда көрсетілетін көмек туралы егжей-тегжей түсіндіріп берді.
600-ге жуық оқушы жедел құтқару жасағы мен судан құтқару қызметіне арналған түрлі ойындарға қатысты. Департамент қызметкерлері мұндай түсіндіру жұмыстарын балалар демалысқа шығысымен-ақ бастап кеткен болатын.
Бүгінге дейін лагерлердегі 1000 бала мен 200 қызметкер төтенше жағдай кезіндегі дұрыс іс-әрекеттің қыр-сырымен танысып үлгерген. Бұл шара жазғы демалыс маусымының соңына дейін жалғаспақ.