Жазғы лагерьлерді ұйымдастыру үшін 3,8 млрд. теңге бөлінді

160

Қазақстандағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл жергілікті атқарушы органдардан 3 миллиард 816 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға 9 әлеуметтік санатқа жататын және үздік оқушылар мен төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен бүлдіршіндердің демалысы ұйымдастырылады.

Ал қалған балалар жазғы лагерьлерге ақылы негізде бара алады. Естеріңізде болса, былтыр карантин шектеулеріне байланысты жазғы демалыс орындары жұмыс істеген жоқ. Бірақ осы мақсатта 3 миллиард 774 миллион бөлінген болатын.

Оның тек 822 миллионы ғана игерілді. Елде жыл бойы және маусымдық демалысқа арналған қала сыртындағы 235 лагерь жұмыс істейді. Оның 143-і мемлекеттік және 92-сі жеке меншік.

Шынар Оразова