Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбеюі мүмкін

29141

Енді мұражайлар тарихи нысан ғана емес, ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қызмет етеді. Мұнда халықтың өткені мен бүгініне тиселі жәдігерлер кеңінен зерделенбек. Бұл жөнінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімін өткен кездесуде парлпмент иәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев мәлімдеді.

Халық қалаулысының айтуынша, өңірдегі қазба байлықтары мен архелологиялық заттарды іздеп-табуға, зерттеуге енді мұражайдың қызметкерлері де жұмылдырылады. Сонда маман мәдени мекемеге келген көпшілікке құнды дүниені таныстырумен шектелмейді, оның табылу жолы және тарихы, сақталу әдістерімен бөліседі.

Аталған бастаманы сала қызметкерлері бірауыздан қолдады. Жиынға қатысқан өлкетану мұражайы және өзге де мәдениет мекемелерінің өкілдері халық қалаулысына көкейде жүрген сауалдарын жолдауды ұмыт қалдырмады. Арасында өздерін жауыр еткен жалақы мәселесін көтергендер де табылды. Ал мәжілісмен Уәлихан Қозыкеұлы жерлестеріне жағымды жаңалықты жеткізді.


Уәлихан Бишімбаев, парламент мәжілісінің депутаты:»Мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайлары, жалақылары, барлығын да үкіметке ұсынып жатырмыз. Олардың айлық жалақылары өзге де қызметкерлермен теңесуі қажет. Әлі күнге мұражай немесе кітапхана болсын, өзге де мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысы қанағаттанарлықсыз. Сондықтан бұл мәселе біздің назарымызда екенін айтқым келеді».