2015 жылдың 13 шілдесінен бастап облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйытқы болуымен «Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығында» мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліктері мен қызметтік этикасын арттыру курстары ашылды.
Оқыту курстарының негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет берушілердің кәсіби және құқықтық деңгейін жақсарту, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметшілерге адалдық, әділдік және сыпайылық әдеттерді қалыптастыру болып табылады.
Сондай-ақ, курстарда мемлекеттік қызметшілер үшін этикалық және тәртіптік мінез-құлық қалыптастыру үшін де сабақтар жүргізілетін болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер саны 98 мыңға жуық, яғни халық санын бір мемлекеттік қызметшіге шаққанда 171 адамға келеді. Ал, тиісінше, Оңтүстік Қазақстан облысында халық санының көптігіне байланысты бір мемлекеттік қызметші 360 адамға қызмет жасайды.