Жоғарғы қызметтегі шенеунік парамен ұсталды

401

Оңтүстіктің бір шенеунігі пара алды деген күдікпен қамауға алынды.  Ол газ тарату станциясын пайдалануға рұқсат беретін құжат үшін ақша алған. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департамент өкілдері мәлімдеді.

006

Ведомсвто қызметкерлерінің айтуынша, инвестиция және даму министрлігінің өндірістік қауіпсіздік және индустриялды даму комитетіне қарасты департамент басшысына 120 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.