Бас маман парамен ұсталды

491

Шымкент қаласындағы Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заң және салық заңнамасын түсіндіру бөлімінің бас маманы парамен ұсталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

20150420

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жүргізген шұғыл іздестіру шаралар нәтижесінде Р. есімді азамат ұсталған. Ол А.деген азаматтан 56 мың теңге пара алмақ болған.

Күдікті А есімді азаматтың мемлекет бюджетіне бұрын төленген 113 400 теңге айыппұлын кері қайтарып беруге ықпал жасаймын деп, аталған соманың тең жартысын сұраған.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы №97 бұйрығына сәйкес 2010-2014 жылдар аралығында төленбей қалған айыппұлдар мен айыпақылар есептен шығарылған болатын. Сондай-ақ, егер азаматтар білмей төлеп қойған жағдайда ақшасы кері қайтарылуы тиіс.

Қазіргі таңда қолға түскен азаматқа қатысты ҚР ҚК 366-бабының 1-бөлігімен Әл Фараби аудандық прокуратурасының санкциясымен кепілме босатылған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, департаментте 6 айдың ішінде сыбайлас жемқорлық санатына жататын 128 іс құжаттары тіркелген болса, оның ішінде пара алуға қатысты 32 іс бар.