Түркістанның қолөнер орталығында шәкірттер тегін оқиды

1152

Қазақ қолөнерін дамыту үшін оның құнын қымбаттату қажет. «Оңтүстік» ақпарат орталығында баспасөз-жиынын өткізген Түркістан қаласындағы қолөнер орталығының өкілдері осылай дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qKDiYav-0-8[/youtube]

Айтуларынша, бүгінде қазақ киізі, былғары, өзге де қолөнер заттары сұранысқа ие болып жатыр, бірақ көпшілік оны төмен бағалауда. Бұл қадам осы орталықта білім алып, әрмен қарай кәсіп ашуды көздеген бастауыш кәсіпкерлердің бастамасына кедергі болмақ.

Бір қарағанда «Оңтүстік» ақпарат орталығында құнды жәдігерлердің танысытырлымы өтіп жатыр дерсіз. Бірақ бүгін мұндағы қролөнер бұйымдары арқылы рухани астанадан келген арнайы топ жорналшыларға атқарған жұмыстарын айтып, есеп беріп жатыр.

Қолөнер орталығы өкілдерінің айтуынша, шеберханада айына орта есеппен ірілі-ұсақты 1500-нан аса қолөнер бұйымы жасалады. Дайын дүниелер сұранысқа ие болып-ақ жатыр, бірақ, соңғы кездері бағасының құлдырауына байланысты өнер ұжымы мекемедегі білім беру жүйесін жаңалаған, яғни, жаңа жүйеге көшкен.

Жанболат Сүйімбаев, Түркістан қалалық қолөнер орталығының шебері: «Қазір біз жаңа жүйе дейміз, бірақ мұны біздің ата-бабаларымыз қолданып жасап кеткен. Біз тек материалдарын ауыстырамыз, төзімді ету үшін. Және түрлі заманауи ою-өрнектерді араластыра отырып әзірлейміз. Жаңа технологияны қазіргі уақытта оқушыларымызға да үйретіп жатырмыз.»

Еске салайық, Түркістан қалалық қолөнер орталығы осыдан небәрі 2 жыл бұрын қызметін бастаған. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Асқар Мырзахметұлының өзі қатысып еді. Бүгінде мұндағы шеберлер шәкірттерге ағаш өңдеу, құмыра жасау, былғары өңдеу, тоқыма өндірісі, зергерлік бұйымдар сынды 7 бірдей қолөнер саласы бойынша білім береді. Бастысы — оқу-жаттығу сабақтары тегін жүргізіледі. Және бастауыш кәсіпкерлерге де қолдау жасалып отыр.

Жантөре Байдәулетов, Түркістан қалалық қолөнер орталығының директоры: «Мектебіміздегі балалар сабақтан кейін қолөнер шеберханасына барып, тағы да қосымша тапсырмалар алып, өздері қызығатын дүниелерді жасап үйренеді. Одан кейін жасаған заттарын сатуға да мүмкіндігі бар. Яғни, біздің орталықтың ерекшелігі де сол — сауда-саттық жасайтын арнайы орнымызда келген туристерге сата алады.»

Қолөнер орталығының өкілдері ұлттық құндылық пен қолөнер ұмыт қалмас үшін уақыт пен тың шеберлікті қажет ететін саланы қолдау қажет дейд. Осы орайда мәдениет мекемесі өнімдерді импортпен қатар экспорттауды жоспарлап қойыпты.