Фото: //turkmenistan.gov.tm

Облыста мал және өсімдік шаруашылығын дамыту бойынша 50 жоба жүзеге асып жатыр. Қолға алынған бұл іс, әсіресе, мал тұқымын асылдандыру мен типтік дақылдарды көбейтуге бағытталған. Бұл туралы Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты бас директорының орынбасары Нұрадин Әлібаев мәлімдеді.

Айта кету керек, қазір бірқатар жекелеген шаруашылықтарда қаракөл, қазақ мериносы сияқты тұқымы сиреп қалған қойдың басы көбейтіліп жатыр. Елтірісі бағалы мал басын арттырушыларға мемлекет тарапынан арнайы датация беріледі. Қазір облыста 6 түрлі тұқымды қой мен 2 түрлі тұқымды түйе өсіру қолға алынып отыр. Осындай мал басының генетикалық қорын дамытуды ойластырған серіктестік жеткен жетістіктерін тізіп шықты.