Қала мектептері әзірге толық дайын емес

288

002

Биылғы жаңа оқу жылына Шымкенттегі барлық білім ошақтары түгелдей дайын болмай шықты. Қазір №44 мектепте әлі күнге дейін күрделі жөндеумен жанталасып жатыр. Мердігер облыс әкімі алдында берген уәдесін осылайша орындай алмай әлек.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=g7qT6o6D1zc[/youtube]

 

Бұл іске қазір, тіпті, мұғалімдер де жұмылдырылыпты. Ал негізінен қабылдау комиссиясы 25 тамызда барлық білім ошақтарын тексеріп, дайындығын тиянақтауы тиіс еді. Алайда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан 7 мектептің ішінен тек біреуі ғана айтылған датаға үлгерді. Ал қалғандары күнбе-күн кешігіп, білім ошағын пайдалануға әупірімдеп өткізіп жатыр.