Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

398
Таяуда осы тақырыпта Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың құттықтау сөзімен ашқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов жүргізіп отырды.
004
Жиынға Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин  мен «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу, талдау» және «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталықтарының» басшылары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жауапты қызметшілері, облыстар мен Астана, Алматы қалаларының дін істері басқармаларының жетекшілері, дінтанушы-теологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және т.б. мамандар қатысты.
001
Пленарлық мәжілістен кейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі», «Дін және мемлекет қатынасындағы зайырлылық ұғымының ұстанымы», «Қазақ хандығы тұсында діннің маңыздылығы» тақырыптарында секциялық жұмыстар басталып кетті.
ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі