Оңтүстіктің түлектері мемлекеттік грантты еншілеуден көш басына шықты. Биыл бөлінген 32 мыңға жуық гранттың 8 мыңын облысымыздың шәкірттері қанжығасына байлады. Тегін оқуға мүмкіндік алған талапкерлердің көбі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не жолдама алған.

001

Мұндағы шәкірттердің қарасы 1300-ге жетеқабыл. Оның басым бөлігі жеңіл өнеркәсіп саласын таңдаса, 49 талапкер мал дәрігері маманы болып шықпақ. Ал гранттан қағылған 39 «Алтын белгі» иегерінің алдағы тағдырын арнайы комиссия шешетін болады.

Еске сала кетейік, биыл тегін оқуға 67 377 түлектен өтініш келіп түскен. Қазір олардың тең жартысы мемлекеттік грантты еншілеп отыр.