Түркістанға соңғы үш жылда 2 млн турист келген

279

Түркістанда соңғы 5-6 жыл көлемінде туристерге сапалы қызмет көрсету мақсатында онға тарта нысан бой көтерген. 2013 жылы кесенеге 700 мыңнан астам турист келсе, 2014 жылы 1 млн-ға жуық адам келген. Ал 2015 жылдың 6 айында 594,8 мың турист осында ат басын бұрған. Бұл келушілерге ыңғайлы жағдай мен көрсетілген қызметтің нәтижесі деді қала әкімі Ә.Өсербаев «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

MINOLTA DIGITAL CAMERA
MINOLTA DIGITAL CAMERA

Брифингте қала басшысы 2015 жылдың 6 айында аймақта атқарылған жұмыстарды баяндады. Әкімнің айтуынша, биылғы жарты жылдықта қаланың өңірлік өнімі 29 млрд 360 млн теңгені құраған. Соның 17 пайызы – өнеркәсіп саласына, 19,4 пайызы – ауыл шаруашылығы саласына, 22 пайызы негізгі капиталға тартылған инвестицияға және 41,5 пайызы тауар айналымы мен қызметтерді өткізу көлеміне тиесілі. Ал халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 115,3 мың теңгені құраған.

Бүгінде 260 мыңға жуық халқы бар шаһарда атқарылған шаруалар ауқымды. Халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік белсендігі артып келеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі