«Зерде-Фито» әлемдік нарыққа дайын

741

Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болып кіруі отандық тауар өндірушілеріне үлкен міндеттер жүктейді. Олар енді тек халықаралық талаптарға сәйкес өнімдер ғана емес, бәсекелесе алатын тауарлар шығарулары тиіс. Емдік қасиетке ие өсімдік шикізатын шығаратын «Зерде-Фито» серіктестігіінң басшылары мұндай міндетті еңсере алатынына сенімді. Нарықта өзіндік орны бар компания бүкіл әлемдік аренаны да бағындыруға белсене кірісіп кеткен.

005

«Зерде-Фито» ЖШС 15 жылдан астам уақыт жұмыс жасайды. Компания фитопрепараттарды сату көлемі бойынша Казахстанда көш бастап тұр. Мұнда өнімнің 260-қа жуық түрі шығарылады. Биологиялық белсенді қоспалар, «Зердейка» балалар фитошәйлары, шөп жинақтары мен «Зерде-Леди» әйелдер желісі халық арасында жоғары сұранысқа ие.

Жандос Кенжебаев, «Зерде-Фито» ЖШС директоры: «Зерде Фито биыл «Аудит 22000 ИСО, НАССР» сертификаттарын растады. Бұл құжатпен «Зерде-Фито» экспорт нарығына шыға алады. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз табысты. Биыл біз өнімдерімізді Кырғызстанға жібере бастадық. Ресеймен келісім жүргізілуде.»

«Зерде-Фито» компаниясында 200-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың барлығы білікті мамандар. Шығарылатын өнімнің тұтынушы қасиеттері мен жоғары сапасы үшін компания «Қазақстанның ең үздік тауары» номинациясында І дәрежелі дипломмен марпатталды.»Зерде -Фито» компаниясының ұжымы жеткен жетістіктермен шектелмейді. Қазақстан Республкасындағы ең үздік тауарлар қатарында болу мәртебесі өндірісті модернизациялау және де жаңа өнім түрлерін шығаруға міндеттейді.

Жандос Кенжебаев, «Зерде-Фито» ЖШС директоры: «Зерде-Фито» биыл жаңа өндірісті меңгеруде. Бұл ерігіш түйіршектелген шәй болмақ. Қыркүйек-қазанда біз іске қосу жұмыстарын бастаймыз. Келер жылдың бірінші тоқсанында тіркеу рәсімінен кейін тұтынушылар «Зерде-Фито» компаниясының жаңа өнімдерін Қазақстан нарығында сатып ала алады.»

Шынар Оразова

PR