Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов облыстық онкологиялық диспансерде болып, медициналық орталықтың жұмыс барысымен танысты. Іргетасы 1989 жылы қаланған ғимарат бүгінде күрделі жөндеу мен кеңейтуді қажет етеді.
Себебі, 200 науқасқа арналған орталықта емделетін адамдардың саны екі-үш есе артық. Ал 150 адамды қабылдай алатын емхана бір ауысымда 300-ге жуық науқасты қабылдауға мәжбүр.
Осыны назарға алған облыс басшысы аталған орталықтың кеңейтілу керегін айтып, жаңа онкологиялық диспансер салу үшін қала әкімдігіне қысқа мерзімде жер учаскесін бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасына болашақ медициналық орталықтың жобалық-сметалық құжатын әзірлеуді жүктеді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі