Стадион алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

320

Жеңілдетілген тауарлардың жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Бұл жолы мерекелік жәрмеңке Қажымұқан атындағы стадионның алаңында өтті. Өңірімізге қарасты аудан-қалалардан келген дихандар көкөніс, жемістерін жеңілдетілген бағада сатты.

009

Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілер өнімдерін арзан бағада саудалады. Қалалықтар АҚШ долларының бағамы шарықтаған шақта халыққа қарасқан кәсіпкерлерге дән риза. Әлеуметтің әлеуетін арттыруды көздеген ұйымдастырушылар азық-түлік жәрмеңкесі жалғасын табатынына сенімді.