Қоршаған ортаға зиян келтірмей, топырақтың құнарлығын сақтау – нысанаға алынған басым міндеттердің бірі. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы соның бір айғағы. Өткен жылы бекітілген құжаттың үшінші бағыты бойынша органикалық егін шаруашылығына қан жүгіртілмек. Оған сәйкес жерге сіңірілген дән түрлі қоспалардан, синтетикалық тыңайтқыштардан ада болуы тиіс. Экологиялық егіншілікке қан жүгіртуге ынталы бастамашыл топ Оңтүстікке табан тіреді.
Бүгінде өнімнің сапасына әрі табиғи тазалығына баса мән беретіндердің қарасы артты. Жер-жаһандағы 160 мемлекет органикалық егіншіліктің қыр-сырына қанық. Олардың 85-де экологиялық әдісті реттейтін арнайы заңнамалық құжаттар бекітілген. Елімізде де тың бағытқа бетбұрыс бар. Арнайы заң жобасы әзірленуде. Бірақ әзірге түрлі қоспалардан бас тартып, табиғи таза өнім өндіруге кіріскен шаруаларды демеудің өзі қиынға соғады. Мұны Астанадан арнайы келген топ та жақсы біледі.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LhOs1MuDD3M[/youtube]
Раис Қараибрагимов, облыстық фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қорының меңгерушісі: «Әр гектарына 5 тоннадан септік. Арнайы техника көмегімен айдадық. Былтыр 15-тен алсақ, биыл 25 ке жетті. Бұл біз үшін мақтаныш өйткені багара жерден осындай өнім алу өте жақсы».