17 жасар Ақмөлдір – Шымкент аруы

636

Қала күні мерекесіне орай қалың қауым қас сұлуларды анықтауға асықты. Бұл кезең шешуші сәт болатын. Жаздан бері тыным таппаған ұйымдастырушылар Шымкенттің биылғы аруын айқындап алуға кірісті.

Сұлулық сыны

Табиғаты мен тұла бойы сұлулыққа тұнып тұрған сұлулар жетерлік. Бұл байқауға 17 мен 21 жас аралығындағы 100-ге жуық үміткер келген. Екі рет кастинг ұйымдастырылып, нәтижесінде лайықты деген 16 қыз ақтық сынға шықты.

 

 

 

 

Сұлулық сыны

Бұл сайыста тек сұлулық қана емес, сонымен бірге талантты, салт-дәстүр, еліміздің тарихы мен мәдениетін ту ете алатын бойжеткендер таңдалды. Сынақ бірнеше кезеңнен тұрды. Үміткерлер түрлі киімдерден сән байқауын көрсетуден бөлек бойындағы ерекше дарынын паш етуі тиіс болды.

Ақмөлдір Әбдірахымова

 

Осылайша байқау қорытындысы бойынша Шымкенттің биылғы аруы атағы Ақмөлдір Әбдірахымоваға бұйырды. Озып шыққан сұлуға арнайы тәж кигізіліп, ақшалай қомақты сыйға ие болды. Енді Ақмөлдір «Қазақстан аруы» байқауында бағын сынайтын болады.