Ұсынылған бес адамға депутаттар дауыс берді

Теңгенің құнсыздануы біраз тірліктің тұралап қалуына әкеп соқпақ. Өңірдегі көптеген құрылыс нысандары биыл аяқталмайтын болды.

Ұсынылған бес адамға депутаттар дауыс берді

Дегенмен, ауызды қу шөппен сүртуге тағы болмас дейді мамандар. Білім саласына қарасты 3 мекемедегі жұмысқа 525 млн теңге, 6 нысанның құрылысын жалғастыруға 260 млн теңге бағытталып отыр. Ал денсаулық саласының үлесінде қаржыға қысқартылмайтын болып кесілді.

Шымкенттегі жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасының В корпусына, қабылдау бөлімі, ота жасау блогы және жан сақтау бөлімдерінің құрылысына 50 млн теңге қарастырылуда. Ал облыстық клиникалық аурухананың істен шыққан компьютерлік томографының қосалқы бөлшектеріне қаражат республикалық бюджет есебінен бөлінбек.

Ал Түлкібас ауданындағы Машат, Балықты ауылдарында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияларды табиғи газбен қамту мәселесі келер жылдың еншісіне қалды.

Су тасқыны қаупін жою мақсатында жоспарланған Бәйдібек ауданындағы Шаян өзені бойында бөгет құрылысын бастау келер жылға ауыстырылды.

Бозарық қосалқы станциясы биыл да пайдалануға берілмейді. Жылдың басында құрылысқа қажетті 3 млрд-тай теңге бөлінген болатын. Алайда жыл соңында әдеттегідей бұл қаржының игерілмей қалу қаупімен қалалық әкімдік 2 млрд теңгені қысқарту жөнінде облыстық мәслихатқа ұсыныс жасаған.

Осы мәселе құрылыс, коммуналдық сала және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияда жан-жақты талқыланды. Айта кету керек, рубль мен теңгенің құнсыздануына байланысты маңызды нысанды қажетті жабдықтармен қамтуда күрделілік көп.

Шынар Оразова