Шымкентте іскер әйелдердің бизнесін дамытуға арналған ашық есік күндері басталды. Онда кәсіпкерлікті сауатты жүргізуге арналған түрлі кеңестер мен қаржыландыру көздері таныстырылады.
Шара аясында ұйымдастырылған жиында 60-қа жуық кәсіпкерлер қатысып, бизнес өкілдерінің қаржылық дағдарыс кезеңін ұтымды пайдалану жолдарын талқылады. Сондай-ақ мұнда кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыратын қаржы институттарының өкілдері де арнайы шақырылыпты. Қаржыгерлер өздерінің әйелдер бизнесін дамытуға арналған бағдарламаларды таныстырды.