Мемлекеттік қызметтен үміткерлер тәртіп бұзуда

225
Мемлекеттік тестілеу

Оңтүстікте мемлекеттік қызметке талпынушылар тестілеу барысында тәртіпсіздіктер көрсетуде. 2015 жылдың 9 айының көрсеткіші бойынша облыс аумағында тестілеу кезінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және кадр резервіне тест тапсыруға 2890 үміткер келген.

Солардың 1037-і жоғарғы нәтиже алса, ал үміткер 1834 тесттен сүрінді. Осы арада жыл басынан бері тест тапсыру ережесін 19 азамат бұзған.

Мемлекеттік тестілеу

Бұл тұста мемлекеттік қызметшілер тарапынан ережені екінші рет бұзғандар да бар. Мысалы, тест барысында А және Ш есімді азаматтар бір-бірінің жеке сәйкестендіру нөмірлерін компьютерге ауыстырып енгізу арқылы тест тапсырмақ болады. Алайда тестілеу әкімшісі олардың бұл әрекеттерін байқап қалған. Соңынан тестілеу ережесін бұзу туралы акт түзіліп, кінәлілер тест залынан шығарылды.

Сұрау барысында Ш. деген азамат Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімінде бас маман болып қызмет атқаратыны анықталды.

Осыған байланысты облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл департаментті тарапынан Мұнайлы ауданы әкіміне және Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысына сол қызметшіге тәртіптік шара қолдану жөнінде хат жолданды.

Нәтижесінде бас маман ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамай, мемлекеттік қызметтің оң беделіне нұқсан келтіргені үшін қатаң сөгіс алды.