Оңтүстіктің теннисшілері халықаралық жарыста басымдылық танытуда. Жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын дода барысында шымкенттік теннисші Камила Керімбаева жартылай финалға жолдама алды.
Халықаралық жарыста 9 елдің теннисшілері бағын сынап отыр. Олардың арасында 15 отандысымыз да бар еді. Алайда, ширек финалға дейін олардың төртеуі ғана қалды. Нәтижесінде әйелдер арасындағы сынақта Камила Керімбаева жұптық таласта үздіктер қатарынан көрінді.
Ресейлік Маргарита Лазаревамен бірге жұп құрып, ширек финалда Қазақстан-Беларусь жұбынан басым болды. Сондай-ақ, Камила бүгінгі жекелей таласта да қарсыласынан басым болып, енді алтын медаль үшін таласады.