Полицейлерге пара бермек болған жүргізуші

409
Пара беру

Оңтүстікте полиция қызметкеріне пара бермек болған жүргізушіге айыппұл салынды. Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барасында Жетісай қаласының көшелерінің бірінде «Фольцваген -Пассат» автокөлігін тоқтатқан. Бұл көліктің мемлекеттік тіркеудегі нөмірін тағылмаған. Сонымен қатар жарығы қосылмаған екен.

Жол-патрульдік полициясы

Инспекторлар жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушісінің үстінен әкімшілік хаттама толтыру барысында 32 жастағы азамат полиция қызметкерлеріне хаттама рәсімдемеу үшін заңсыз сыйақы ретінде мың теңге ұсынады.

Пара беру

Алайда полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға бірнеше рет заңсыз іс-әрекеттеріне жауаптылығы туралы ескерткен. Бұл заңсыз іс-әрекеттерді тәртіп сақшылары бейнетаспаға да түсіріп алады.

Қазіргі таңда соттың шешімімен «Фольцваген-Пассат» автокөлігінің жүргізушісі Қазақстанның ӘҚБтК-нің 676-бабымен (Жеке тұлғалардың заңсыз сыйақы беруі) кінәлі деп танылып, тәртіп бұзшыға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл — 400 мың теңгеге жуық.