Шымкентте қалалық мұрағаттың жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков пен облыстық мәслихаттың хатшысы Ержан Құдайберген қатысты.
Нұрсәт шағынауданынан орын тепкен жаңа ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 525 миллион теңге бөлінген. Заманауи үлгіде тұрғызылған ғимараттың жалпы қорында 100 мыңға жуық жеке құжат сақталған. Жалпы сыйымдылығы 500 мың сақтау бірлігіне арналған жаңа мұрағат қоймасына тағы да 400 мың құжат сияды.
Айта кетейік, Шымкент қалалық мұрағат мекемесі 1992 жылы құрылған. Алғашқы жылдарда қажетті құрал-жабдықтар мен құжат сақтайтын қойма, маман жетіспеушілігі сияқты қиыншылықтар болды. Қазіргі таңда облыстағы нысандарда барлық жағдай жасалған. Олар керекті құрал жабдықтар және компьютерлермен қамтамасыз етілген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_0E1-ofTnys[/youtube]
Биыл Созақ, Түлкібас, Мақтаарал аудандарындағы мұрағат мекемелері күрделі жөнделді. Айта кетейік, облыстың мұрағат қызметіне келесі жылы 90 жыл толады. Қазіргі таңда облыс бойынша 19 мемлекеттік мұрағат мекемесі бар. Мұндағы құжаттарды сақтау қорлары жыл сайын 30 мың бірлікке артуда.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі