Шымкентте электр трансформаторы зауыты салынады

327
Трансформатор зауыты

Шымкент қаласында кернеуі 220 және 500 кВ болатын электр трансформаторларын шығаратын зауыт салынатын болады.

Трансформатор зауыты

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов айтты.

– Орта бизнестегі көшбасшы компанияларды қолдау үшін «Ұлт чемпиондары» секілді бағдарламаны іске қосу бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының нәтижесінде көптеген компаниялар мемлекет тарапынан елеулі қолдау алды. Мәселен, біз осы бағдарлама шеңберінде Шымкент қаласында кернеуі 220 және 500 кВ болатын қуат трансформаторларын шығару бойынша Қазақстанда алғашқы зауыт салуды жоспарлап отырмыз, – деді Е.Ілиясов.

Айта өтейік, Оңтүстік Қазақстан облысында ең алғашқы трансформатор зауыты Кентау қаласында 1959 жылы салынған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі