Шымкентте палау фестивалі өтті

1190
Аспаздар палауды жұмыртқа және көкөніс, жемістермен сәндеді

«Достық дастарханы». Шымкентте осындай тақырыпта өзбек этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен палау фестивалі өтті. Сайыс ұлттық орталықтың — 25, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне қолға алынған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=o31p4gp5bP0[/youtube]

Айтулы байқауға жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған аспаздар қатысып, өзбек халқының ұлттық тағамының нақ нұсқасын әзірлеп көпке ұсынуға тырысты. Сайыс жеңімпаздары тек kz.otyrar.kz сайтының оқырмандары үшін ас мәзірінің құпиясымен бөлісіп отыр.

IMG_6778

Қазан мен ошақ — палау фествалінің сәні, дәстүрі. Әдеттегідей күріші салынып, тұздығы түгенделді. Буы бұрқырап, қазандар қайнады. Дәл осылай «Достық дастарханына» қатысқан әр үміткер өзбек ұлтының ұлттық тағамы — палаудың нақ нұсқасын жасауға асықты.

Палау деп бір сөзбен айтылғанымен, аспаздар өздерінің тамақтарына ерекше ат қойып үлгерген. Махмұджан Омаров арнамыздың көрермендері үшін «Махаббат» палауының дайындалу мәзір-құпиясымен бөлісті.

Сайысқа 26 аспаз қатысты
Сайысқа 26 аспаз қатысты
Махмұджан Омаров
Махмұджан Омаров палауды махаббатпен пісіру қажет деп есептейді
палауға міндетті түрде зира қосылып дайындалды
Палауға міндетті түрде зира қосылып дайындалды

Махмұджан Омаров, аспаз: «Бұл палауға орта есеппен 4 келі күрішке 4 келі ет керек және оған 1 литр май қосып жатырмын. Ең алдымен етті жақсылап қуырып, одан соң пияз саламыз. Сәбіздің сөлі шыққанша оны да қуырып, су құямыз, ноқат пен миізді су қайнағанда салып, буға бұқтырамыз. Ет піскенде күрішті салып, пісіреміз. Мәзірдегі құпиям осы. Палауды әркім қалағанынша дайындайды. Менің ойымша тамақты тек махаббатпен әзірлегенде ғана дәмді болады. Осыны ұмытпағанымыз дұрыс».

қоспалардың барлығы бірдей болғанымен, палаудың дәмдері қайталанбайды, - дейді аспаздар
«Қоспалардың барлығы бірдей болғанымен, палаудың дәмдері қайталанбайды» дейді аспаздар
Айтпақшы ұлттық тағам үшін сарымсақтың орны ерекше
Айтпақшы ұлттық тағам үшін сарымсақтың орны ерекше
палау әзірлегенде оның сәбізі, еті мен күрішін араластыруыға болмайды - бұл тағамның басты шарты
Палау әзірлегенде оның сәбізі, еті мен күрішін араластыруға болмайды. Бұл — тағамның басты шарты

Ұлттық тағамды насихаттау сайысы биыл 5-рет ұйымдастырылды. Мұнда «Алғашқы махаббат» палауынан бөлек сары түсті «Алтын тағам», «Той палауы» сынды түрлі атпен 26 бірдей қазан асылды. Оның ішінде «Ташкент палауын» мектеп оқушылары, жасы небәрі 12-ге толған жас аспаздар дайындады.

Осы кезде тағамы піскендері палауды безендіруге кірісті. Қайнаған жұмыртқа, мейіз пен анар дәндері асқа көрік берсе, сарымсақ тіл үйірер дәмін кіргізді. Ал меймандар тағамға бағасын беруді ұмытқан жоқ.

Сайыстың ең жас қатысушылары. 12-14 жастағы аспаздар "Ташкент палауын" әзірледі
Сайыстың ең жас қатысушылары. 12-14 жасар аспаздар «Ташкент палауын» әзірледі
әрбір топта кемінде 2-4 аспаздан болды
Әрбір топта кемінде 2-4 аспаздан болды
байқаудың талабы - асты дәмді әзірлеу ғана емес, оны сәндеп-безендіру
Байқаудың талабы — асты дәмді әзірлеу ғана емес, оны сәндеп-безендіру
Қазылар алқасы жұмыстарына кірісті
Қазылар алқасы жұмыстарына кірісті
Аспаздар палауды жұмыртқа және көкөніс, жемістермен сәндеді
Аспаздар палауды жұмыртқа және көкөніс, жемістермен сәндеді

Бегмат Тұрдықұлов, қазылар алқасының төрағасы: «Ең алдымен тағамның дәміне назар аудардық. Одан соң сәні мен дизайнына қарадық. Анармен, айвамен және бөдененің жұмыртқасымен безендірген қатысушылар да болды. Осындай талаптардың барлығын есере отырып, шешім қабылдадық».

Байқаудың меймандары да қатысуышылардың шеберлігіне баға берді
Байқаудың меймандары да тағамнан дәм ауыз тиіп,  қатысушылардың шеберлігіне баға берді

дайын болған палаулар ақ дастарханға қойылып, қонақтарға үлестірілді
Дайын болған палау ақ дастарханға қойылып, қонақтарға үлестірілді

Сонымен, палау пісіруде аспаз Гуламжан Ғаниевке тең келер жан болмады. Жеңімпазға 30 мың теңгенің сый-тартуы табысталды. Жүлделі екінші орынды Азада Тешебаева пен Шакір Заидов өзара бөлісті. Ал жүлделі үшінші орынды Насибулла Халилов пен Дәулет Миррахимов және Ұлықбек Халметов қанағат тұтты. Қазылар алқасы ең жас аспаз Бекжан Акрамовтың ас мәзірін де айрықша атап өтті.