Шымкентте жылыту маусымы басталды. Жылу беру науқаны биыл жылдағыдан ерте қолға алынды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тиісті қаулығы қол қойды. Нәтижесінде бүгіннен бастап орталықтандырылған жылу энергиясының тұтынушыларына жылу беріле бастады.
Сосын кестеге сәйкес екі апта ішінде барлық көп қабатты тұрғын үйлерге беріледі. Айта кету керек, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір мен сұйық отын қоры да жеткілікті.