Әлеуметтік азық-түлік

Зағипа Әбдіғаппарова күнделікті азық түлік өнімдерін «Автонұр» базарындағы арнайы сауда нүктесінен алады. Мұнда ұн, макарон өнімдері күнбағыс майы және де күріш тұрақтандыру қоры комиссиясы бекіткен әлеуметтік бағамен сатылуда.

Әлеуметтік азық-түлік

Көліктен сатылып жатқан көкөністен басқа барлық өнім – тұрақтандыру қорындағы былтырдан қалған тауарлар. Көкөніс бағаларына тоқталып өтсек, мұнда сәбіз – 75, павлодарлық картоп 65 теңгеден саудалануда.

Ал «Жаңа шаһар» базарында көкөністің бағасы бес теңгеге арзан. Есесіне бүгінге әлі картоп, сәбіз және пияз жеткізілмеген.

Базарларда баға шарықтаған тұста күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қоймаларда қажетті өнімдердің қорын жасақтайды. Әзірге қоймада былтырдан қалған 1000 тонна құмшекер, 140 тонна макарон өнімдері, 203 тонна күріш бар.

«Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жаңа астықтың жиын-терімі аяқталған тұста тауар өндірушілерімен келісім-шарт түзуде. Әзірге Қарағанды және Павлодардың картобы пен сәбізіне тапсырыс жасалған. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілерден сатылып алынған өнімдерден келер жылға қор жасалады.

Шынар Оразова