Өгей қызын зорлаған әке сотталды

376
Айыпталушы

Шымкетте өгей қызын зорлап келген азамат сотталды. Аса ауыр қылмыс жасаған жанның ісі облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Айыпталушы

Сот залында күдікті орындығында отырған азамат осы жылдың қаңтар айында өгей қызын зорлаған. Анасына алғашқы жәйт бойынша шағымданбаған қызына тамыз айында қайта қорлық көрсетіпті. Өгей әкесінің өктемдігі 10 жасар қыздың жанына батса керек, сол кезде ғана өзінің зорланғанын анасына айтып береді.

Судья күдіктіні жасөспірімдермен жұмыс жасау құқығынан өмір бойы айыра отырып, қылмыстық кодекстің екі ауыр баптарымен кінәлі деп тапты.

Жеткеншекке зорлық көрсектен Батырбек Омаров осылайша 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Жауыз әке енді қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтейтін болады. Шығарылған үкім әлі күшіне енген жоқ.

Ернар Балабеков