Әскери мектепте төбелес бастағандар оқудан шығарылады

402
Жедел жәрдем ауруханасы

Шымкенттегі Сабыр Рахымов атындағы республикалық әскери интернат-мектебінде төбелес шығарған курсанттар оқудан шығарылады. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрлігінің мамандары мәлімдеді.

Жедел жәрдем ауруханасыЕске салсақ, 24 қараша күні курсанттар арасында төбелес болып, 10 жас жеткіншек аурухана жеткізілген. Сарбаздар екіге бөлініп, жаға жыртысқан.

Мектептегі тәртіп бұзылып, ІІ және ІІІ курс курсанттары арасындағы кикілжің салдарынан оқушылардың бір бөлігі қалалық ауруханаға жеткізілген. Ал жасы кәмелетке толмаған 4 жасөспірімге облыстық балалар ауруханасында алғашқы жәрдем көрсетілді.

Тілшілер осы ақпарат бойынша мектеп-интернатқа да хабарласты. Бұл мәселе қазір әскери білім беру ошағының ішкі тәртібіне сәйкес әскери полиция, ішкі істер басқармасы мен білім ордасының жауаптыларының қадағалауында және міндетті түрде бір шешім шығарылатын болады, деп нақтылады мектеп өкілі.